Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Абай > Қасым-Жомарт Тоқаев: Әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс!

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында елімізде абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығының жұмысын жүйелеп, елордамыздағы Абай академиясының төңірегіне топтастыру керек екенін айтты.

«Академия барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абайтану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керектігін де баса айтты.

«Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс!», — деген Мемлекет басшысы қазақ халқын Ұлы ақынның торқалы тойымен құттықтады.

© egemen.kz