Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Балалар университетіне қабылдау басталды

Балалар университетіне қабылдау басталды

 Жұбанов университетінің Балалар университеті 11-17 жастағы жасөспірімдерді студент болуға шақырады!

Балалар университеті — қоғамның барлық топтарындағы жастарға университет білімінің қолжетімді екендігін көрсететін, балалардың білімге деген құмарлығын дамытуға көмектесетін, көрнелікті, интерактивтілікті, қатысушылардың санын, эскперименттікті күшейтуге негізделген, қалыпты мектептен өзгеше оқыту әдістемесін ұсынатын бірегей жоба. Бүгінде мұндай орталықтар әлемнің көптеген дамыған елдерінде табысты жұмыс істеуде. Осыған орай  2019 жылдың  қыркүйек айында Жұбанов университеті жанынан «Балалар университеті» құрылған болатын.

Аталған білім беру жобасы 11 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған, ол ғылыми-танымдық оқу, шығармашылық және дамытушылық бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Жобаның міндеті — ғылым және қазіргі заманғы технологиялармен еліктіру, зерттеу және жобалауды үйрету, ғылымды түсінуді қалыптастыру және заманаи мамандықты таңдауда бағыттау. Жоба эксперименттілікті, көрнекілікті, интерактивтілікті және массивтілікті күшейтуге негізделген,  әдеттегі мектептен өзгеше өзіндік оқу әдістемесін ұсына отырып, балалардың қызығушылығын дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, сабақтар университеттің аудиториялары мен ғылыми зертханаларында өтеді.

Жұбанов университетінің Балалар университетінеде алты бағыт бар:

* Инженерлік-техникалық (бағдарламалау негіздері, робототехника,3D-модельдеу);

* Экономикалық-құқықтық (бизнес, құқықтану);

* Көркем (сурет, би, қолөнер);

*  Психолог (практикалық психология);

* Әлеуметтік-педагогикалық (шет тілдері, тарих, математика);

* Жаратылыстану-ғылыми (биология негіздері, экология, физика, химия, тамақ өнімдерінің технологиясы).

Бірінші семестр 15 қыркүйекте басталады.  Жұбанов университетінің Инновациялық-технологиялар паркі ғимаратындағы №14 кабинетте тіркеуден өтесіз. Құжаттар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-17.00-ге дейін қабылданады.

Мекен-жайымыз: Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 үй.

Байланыс телефоны: 8 7012640606