Вторник, Март 21, 2023
Басты > Абай > 10 тамыз — Абай күні

10 тамыз — Абай күні

Ұлы ақынның 175 жылдығына ақтөбеліктер де ерекше дайындықпен келді. Абайтанушылар, ғалым-зерттеушілер бас қосып, мемлекеттік мерекенің маңызына тоқталды. Олар бұл күннің ережесі бекісе дейді. Сонда бағыт-бағдар болар еді. Абай күніне арналған шара мен ұсыныс туралы толығырақ келесі бейнематериалда…

Абай күні елімізде биыл алғаш рет тойланды. Мерейлі күні ақтөбелік ғалымдар дөңгелек үстелде бас қосып, Абай хакімнің бай мұрасы мен өмір жолын зерделеді. Үкімет тарапынан қаулы қабылданып, мереке болып белгіленуі қазақ әдебиетінің тағы бір белеске көтерілгендігі. Алайда, Абай күні мерекесінің өз ережесі болса дейді.

2018 жылы Ақтөбе өңірлік университеті жанынан Абай орталығы ашылды. Ауыл-елді аралап, бірнеше мектепке «Абайтану» оқулығын сыйға тартты. «Жұбановтан -Абайға» экспедициясын ұйымдастырды. Еліміздің түпкір-түпкірін аралап, деректі филім түсірілді. Ұлы ақынның Ақтөбе жерімен байланысын зерттеген ғалымдар тың ақпараттармен  бөлісті.

Мерекеге арналған тағы бір сый — университет Абай Құнанбайұлының үш кітап-қолжазбасын баспадан шығаруға дайындап жатыр.

Райгүл Еншібай

https://aktobetv.kz/kz/news/society/10-tamyz-abai-kuni-4