Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ауысуға және қайта оқуға қабылдануға өтініштер онлайн қабылданады

Ауысуға және қайта оқуға қабылдануға өтініштер онлайн қабылданады

Жұбанов университетінің SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы 2020 жылдың 10-24 тамыз аралығында басқа ЖОО-нан ауысуға және қайта оқуға қабылдануға өтініштер онлайн  қабылданады.

Ол үшін сізге қажет:

SMART ARSU мобильдік қосымшасын Play market/ App store арқылы жүктеу;

ҚОНАҚ ретінде тіркелу;

СҚКО Темірқазыққа кіру;

Оқуға қайта қабылдау немесе басқа ЖОО-нан ауысуды таңдау;

Көрсетілген ұяшықтарды толтыру және қажетті құжаттарды тіркеп, жіберу;

Өтінішті негізгі мәзірден менің өтініштерімнен бақылай аласыз.

 

Сұрақтар бойынша 87132562896 нөміріне қоңырау шалуға болады.