Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > 2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл еліміздің барлық өңірінде 53 мың студент жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен білім ала алады

Қазақстан білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.

Биыл 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болды. Оның ішінде 53 мың (51 164 грант + медицина мамандығына 2700) қазақстандық талапкер бакалавриат деңгейінде мемлекет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды.

2020-2021 оқу жылында «Ақпараттық технологиялар» мамандығына ең көп грант бөлінді – 2 468. Бүгінгі таңда болашақ IT мамандары еліміздің 49 жоғары оқу орнында білім алып жатыр.

Магистратураға 13 300 грант, докторантураға 2 355 білім гранты бөлінді.

grants2020_kaz

grants2020_rus