Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жергілікті бюджет қаражаты: 80 грант

Жергілікті бюджет қаражаты: 80 грант

Талапкер-2020

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант тағайындалды.

— Бұл 80 грантты тағайындау облыс әкімдігінің комиссиясында қаралды.  Грант бөлу барысында өңірдің еңбек нарығының қажеттілігі ескерілді. Маусым айында өткен комиссия отырысында қажетті мамандар, ал тамыздың 4-і күнгі жиында сол мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары анықталды. ​Келесі кезеңде грант иегерлері анықталатын болады, — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

​Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлердің өтініштері республикалық гранттың қорытындысы белгілі болғаннан кейін — 16,17,18 тамызда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік университетінің базасындағы қабылдау комиссиясында қабылданады. Талапкерлер виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы электронды сандық қолтаңбасыз грантқа құжаттар тапсыра алады.

​Айта кету керек, аталған конкурсқа мектеп түлектері қатысу үшін белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш; білімі туралы құжаты (түлнұсқа); ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаттары;  086-У нысаны бойынша медициналық анықтама (оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қажет. Ал колледж түлектері үшін (тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар мамандар) қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады: еңбек кітапшасы;  ұйымның мөрімен куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім; қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама; бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер; жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты; жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;  жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің виртуалдық қабылдау комиссиясының Call-орталығы: ​8-7132-54-39-74, 8-747-518-35-83, 8-708-628-72-89, 8-700-129-10-81. WhatsApp: 8 747 518 35 83.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

https://aqtobegazeti.kz/?p=91430