Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми кеңесте жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды

Ғылыми кеңесте жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды

28 тамыз күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ғылыми кеңес өткізілді. Ғылыми кеңесте университеттің 2020-2021оқу жылына дайындығы мәселелері қаралды. Бұл ретте  оқу үдерісінің аралас форматта ұйымдастырылатыны, яғни  студенттер мен магистранттар үшін қашықтан оқыту форматында, ал докторанттар үшін қалыпты форматта жүргізілетіні айтылды.

Сонымен қатар оқу орнының стратегиялық даму жоспарының орындалуы, цифрландыру бағытында атқаратын ауқымды шаралар, ғылыми зерттеу және әлеуметтік-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы жөнінде мәселелер талқыланды.