Четверг, Сентябрь 24, 2020
Басты > Ел жаңалықтары > Президент оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

Президент оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін. Пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Үкіметке балалар мен жастардың арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырылды», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.