Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет физиктері дайындаған жаңа оқулық

Университет физиктері дайындаған жаңа оқулық

Бүгін  Жұбанов университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкеевтің жетекшілігімен мектеп  оқушыларына арналған оқулық таныстырылды.

Осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен жаңа оқулық қазақ және орыс тілдерінде жаңартылған бағдарлама бойынша 11 сынып оқушыларына жол тартады.

Жиынға қатысқан Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы  Ләззат Оразбаева жаңа оқулық авторларын құттықтап, Жұбанов университетінің басшылығына ғалымдарды қолдағаны және ғылымды дамытқаны үшін алғысын білдірді.

Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына орай ЖОО-ны дамытудың стратегиялық жоспарының арқасында «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығы теңдесі жоқ заманауи жабдықтармен жабдықталған болатын.

Мұнда радиация, температура және деформация кристалына ұшыраған кезде кең спектрде және температурада жұмыс істейтін абсорбциялық, термоактивті және люминесцентті спектроскопия арқылы зерттеулер жүргізіледі.

Ғылыми орталық физика мамандығы бойынша бакалавриатты, магистратураны, докторантураны жүзеге асырады. Физика бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істейді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін профессор Қуанышбек Шүңкеевтің жетекшілігімен физика-математика ғылымдарының кандидаты және PhD докторлары ғылыми дәрежесін алу үшін 10 диссертация қорғалды.