Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбе университеті: Нұржанның марапаты

Ақтөбе университеті: Нұржанның марапаты

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ерен ерлігімен дараланған Жұбанов университетінің 3-курс студенті Нұржан Рашидті марапаттады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Нұржан Рашид  ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін ҚР ІІМ-нің   медалімен марапатталды. Айта кетейік, көктемде  Ырғыз өзеніне батып бара жатқан 5 жасар  баланы  судан арашалап қалған университет студенті Нұржан Рашид болатын. Нұржан құтқарушылар келгенге дейін  баланы судан аман алып шығып,  жүрек массажын жасаған.  Оның ерлігін назардан тыс қалдырмай  университет  басшылығы жас жігітке батылдығы мен өжеттігі үшін алғыс айтып,  «Үздік студент» медалі мен Қ.Жұбанов атындағы стипендиямен марапаттады.

 

https://bilimdinews.kz/?p=117559