Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Балалар университетінің жаңа жобасы

Балалар университетінің жаңа жобасы

Жұбанов университетінің Балалар университеті  «PRIMA» вокалды-аспаптық ансамбліне шақырады.

Бағдарламаға барабан, гитара,  аккордеон, қобыз және тағы да басқа  музыкалық аспаптарда ойнау кіреді. Сонымен қатар қатысушыларға вокал сабақтары өткізіледі. Топтың көркемдік жетекшісі — композитор, ҚР Мәдениет қайраткері  Бақтығали Жұмалин.

Айта кетейік, Балалар университеті төмендегі бағыттар бойынша 11-17 жастағы жасөспірімдерді дайындайды.

ИНЖЕНЕР-ТЕХНИКАЛЫҚ

бағдарламалау негіздері, робототехника,3D-модельдеу

ЭКОНОМИКА-ҚҰҚЫҚ

бизнес, құқықтану

КӨРКЕМ

сурет, би, қолөнер

ПСИХОЛОГИЯ

практикалық психология

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

шет тілдері, тарих, математика

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

биология негіздері, экология, физика, химия, тамақ өнімдерінің технологиясы

Құжаттар 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша 87012640606 телефонына хабарласуға болады.