Среда, Апрель 17, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбе университеті: Шет елдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық нығаяды

Ақтөбе университеті: Шет елдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық нығаяды

Жұбанов университеті мен Жібек жолы елдері университеттері қауымдастығының басшылығының кездесуі өтті. Жұбанов университетінің Стратегиялық даму жөніндегі проректор Алтыншаш Бекбауова, Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Гүлжан Шоқым және Жібек жолы елдері университеттері қауымдастығының вице-министрі Айнұр Байтелесова білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, Азия университеттерінде студенттер мен магистранттарға арналған қосдипломды білім мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларын насихаттау; оқытушылар құрамы мен басшылыққа арналған халықаралық тағылымдамалар; ғылыми зертханалар ашу үшін шетелдік ғалымдармен байланыс орнату, бірлескен жобалар жасау және тағы да басқа өзекті мәселелер жөнінде әңгіме өрбітті. Кездесуде шетелдік университеттермен ынтымақтастық екіжақты негізде құрылатындығы, Жұбанов университетінің ғалымдары өз жетістіктерін халықаралық аренада ұсынуға дайын екендігі баса айтылды.

Пандемия кезінде барлық бағдарламалар қашықтан жұмыс істейді. Құрметті мейман Жібек жолы елдері университеттері қауымдастығының вице-министрі Айнұр Байтелесова Жұбанов университетінің оң имиджі бар екенін және Оңтүстік Корея, Малайзия, Қытай, Үндістан және ТМД елдерінің университеттерімен өзара тиімді байланыс орнатуда сенімді делдал болуға дайын екенін ерекше  атап өтті.

Жібек жолы елдерінің университеттері мен консалтингтік компанияларының қауымдастығы 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Қауымдастықтың негізгі бағыты — Жібек жолы елдерінің аумағында білім беруді дамыту бағдарламалары аясында білім беру жобаларын ілгерілету. Қазіргі уақытта қауымдастыққа Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Үндістан және ТМД-ның 100-ге жуық оқу орны мүше болып табылады.

 

https://bilimdinews.kz/?p=117572