Пятница, Март 31, 2023
Басты > Жаңалықтар > Студенттік театрға қабылдау басталды

Студенттік театрға қабылдау басталды

Жұбанов университетінің «Жұбанов жастары» студенттік театры –театрланған қызмет арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту және эмоциялық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; студенттерді театр мәдениетіне баулу: театрмен және оның құрылымымен, театр жанрларымен танысу; театрланған қызметте студенттердің музыкалық-шығармашылық белсенділігінің жеке дамуына жағдай жасау мақсатында жұмыс жасайтын орта.

Университетінің іс-шараларына қатысқан жандар бұл аталған студенттік театрдың талантты жастарымен жақсы таныс.

Айта кетейік, студенттік театр 2016 жылы құрылды. Осы уақыт ішінде  «Жұбанов жастары» студенттік театрының  актерлары облыстағы мерекелерде шағын қойылымдарды кәсіби тұрғыда сахналап, оқиғаларды халыққа шынайы жеткізе білді. Сонымен қатар облыс аудандарында «Жұбанов керуені» жобасымен гастрольдік сапарда болып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Сіз де талантты студенттермен бірге «Жұбанов жастары» студенттік театрына қосылыңыз!

Байланыс телефоны: +77051401418, +77005606260