Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Менің өлкем! Камера! Мотор!» видео турлар байқауына қатысуға шақырады

«Менің өлкем! Камера! Мотор!» видео турлар байқауына қатысуға шақырады

Жұбанов университетінің «География және туризм» кафедрасы  Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Менің өлкем! Камера! Мотор!»          

видео турлар байқауына қатысуға шақырады!!!

Байқау   өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихы мен географиясына деген қызығушылығын арттыруға, жаңа көрікті жерлерді анықтауға, жастар арасындағы шығармашылық бастамаларды қолдауға және өскелең ұрпақты туған өлкенің тарихын, географиясын зерттеуге тартуға бағытталған.

Өлкетану бейнеэкскурсиясы – жергілікті тарих және мәдениет ескерткіштері, мұражайлар, кәсіпорындар, бірегей табиғи объектілер және т.б. туралы баяндайтын бейнефильм. Бейнеэкскурсиялар: мақсаттары бойынша — оқу (оның ішінде оқу-өндірістік, кәсіптік бағдарлау, тәжірибе алмасу үшін), мәдени-ағарту, ғылыми; тақырыбы бойынша; объектілердің орналасқан жері (заттай, музей); қатысушылар құрамы бойынша (әртүрлі жас топтары, әртүрлі бейіндегі мамандар, туристер мен оқушылар және т. б. үшін) ерекшеленуі мүмкін.

Байқау номинациялары:

  1. Үздік мәдени-танымдық бейнеэкскурсия
  2. Менің өлкеме қош келдіңіздер!
  3. Этнографиялық калейдоскоп
  4. Өлкенің табиғи байлығы

 Байқауға қатысуға мектеп оқушылары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ магистранттар мен жас ғалымдар шақырылады.

Қатысу үшін 2020 жылдың 22 қыркүйегіне дейін электрондық мекен-жайға videoekskursiya2020@mail.ru жіберу керек төменде қоса берілген нысан бойынша толтырылған өтінім және электронды түрдегі немесе файл қоймасынан жүктеуге сілтеме түріндегі бейне жұмыстар (әр номинацияға бір бейнероликтен артық емес). Файл атауында төмендегі схемаға сәйкес 2 таңба болуы керек: x-Y. avi, мұндағы x – автордың тегі; Y – номинацияның нөмірі, мысалы: aslanov-1.avi. Байқауға қатысуға өтінімді бірден бірнеше номинацияда рәсімдеуге болады.

Ерекше сценарийлер бойынша жеке немесе ұжымдық (үш адамнан аспайтын) жасалған экскурсиялар конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  • байқау тақырыбына сәйкестігі;
  • идеяның өзіндік ерекшелігі, шығармашылық тәсіл-бейнеэкскурсия кең аудиторияға бағытталып, туристердің қызығушылығын оятуы тиіс
  • қабылдаудың қол жетімділігі-материал жоғары мамандандырылған терминдерсіз түсінуге оңай тілде ұсынылуы керек;
  • роликтің ұзақтығы 5 минуттан аспайды;
  • avi, flv, mpeg, swf, mov, mp4, wmv бейне форматтары;
  • «YouTube» видеохостингінде материалдар бұрын орналастырылмауы керек;

 

Жұмыстарды бағалау критерийлері: түпкі ойдың бірегейлігі; түпкі ойдың іске асырылу дәрежесі; сюжеттің ғылыми/ танымдық ақпараттылығы; конкурс тақырыбының авторлық ұсынылуы; техникалық іске асыру: бейнетүсірілім сапасы, бейнероликте «түйіспелердің» болмауы; көркемдік құндылығы; жұмыстың мазмұндылығы: сюжеттің толықтығы, титулдық кадрдың болуы; мәнерлі құралдар: дыбыстық сүйемелдеудің, бейне эффектілердің болуы.

Қажет болған жағдайда қатысушылар Сараптамалық комиссияға бейнеролик жасау үшін пайдаланылатын бастапқы материалдарды ұсынуы тиіс.

25 қыркүйекке дейін қорытындылау және нәтижелерді жариялау. Байқау жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады.

 

 «Менің өлкем! Камера! Мотор!»видеоэкскурсиялар байқауына өтінім

  1. Авторлық ұжым туралы ақпарат ( Аты — жөні,тегі), оқу орны, курс, факультет, группа):

1.1 Сценарий авторы_______________________________________________________

1.2 Режиссер_____________________________________________________________

1.3 Оператор_____________________________________________________________

1.4 Монтаж________________________________________________________________

1.5 Басқа қатысушылар (істелген жұмыс көрсету)________________________

  1. 2. Байланыс ақпараты

2.1. Мекен — жайы_________________________________________________________

2.2. Ұялы телефон нөмері_______________________________________________________

2.3. E-mail__________________________________________________________________

  1. Номинация

 

  1. Жетекші_______________________________________________________________

 

 

Байланыс ақпараты

E-mail: videoekskursiya2020@mail.ru

Мекенжайы: Тургенева 100А

Жоба координаторлары: Өмірзақова  М.Ж., Семинар Е., Абдуллина А.Г.