Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Археология: мол мүмкіндіктер

Археология: мол мүмкіндіктер

Жұбанов университетінің  тарих факультеті жанындағы «Археология және этнография» орталығының материалдық базасы швейцариялық Leica Geosystems өндірушісінің кәсіби трасологиялық іздеу үшін заманауи георадармен толықтырылды.

Leica DS2000 георадары —  жоғары деңгейлі мәліметтерді алу үшін жоғарғы қабаттардың 2 метрге дейін және одан да тереңірек 3,5-4 метрге дейін жерге енетін, жиілігі 700 және 250 МГц болатын екі антеннамен жабдықталған.

Әмбебап тұтқасы пайдаланудың қарапайымдылығы үшін қажетті бұрышты орнатуға мүмкіндік береді.

Археология саласындағы георадардың міндеттері — ежелгі қоныстардың жерленген негіздері мен қабырғаларын картаға түсіру, археологиялық артефактілер — қыш ыдыстар, металл құралдар, алтын және басқа металдарды табу арқылы анықталады.

Герадардың маңызды опцияларының бірі — жер астында заттың болуын ғана емес, сонымен қатар оның өлшемдері мен тереңдігін де анықтау мүмкіндігі. Оған қоса георадар металл заттардан басқа қоршаулардың, іргетастардың, тоннель және жер астындағы қуыстардың қалдықтарын анықтайды.

«Археология және этнография» орталығы мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірлескен жұмысы ғылыми зерттеулердің жаңа деңгейіне шығады деп сенеміз. 2020-2021 оқу жылында Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мәртөк, Темір, Ойыл аудандары аумағында бірлескен археологиялық зерттеулер жоспарланып отыр.

Тарих факультеті