Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «ART-YURTA» II Халықаралық онлайн көрме-байқауына шақырамыз

«ART-YURTA» II Халықаралық онлайн көрме-байқауына шақырамыз

«ART-YURTA» II Халықаралық онлайн көрме-байқауы Жұбанов  университетінің 85 жылдық мерейтойы  аясында ұйымдастырылады.

Дәстүрлі шығармашылық жоба жұмыстары көрме қорытындысы бойынша каталогта жарияланатын түрлі елдерден қатысушыларды жинайды.

Байқау нәтижелері бойынша іріктеліп алынған қатысушылардың еңбектерін каталогқа  шығару жоспарлануда. Көрме-байқаудың  әрбір қатысушысына каталогтың электрондық нұсқасы, қатысушылардың сертификаттары мен дипломдары жіберіледі.

Байқаудың басты  мақсаты — ұлттық мәдениетті шығармашылық объект ретінде зерттеу негізінде арт-объектілерді, сәулет шешімдерін, графикалық нысандар мен эскиздерді жасауда жаңа шығармашылық әдістерді, тәсілдерді және дизайнерлік идеяларды іздеу.

Көрменің маңызды аспектісі — қазақстандық және халықаралық деңгейде ең маңызды инновациялық жұмыстарды ілгерілету, талантты дизайнерлер мен суретшілерді қолдау арқылы мәдени және ұлттық дәстүрлерді дамыту болып табылады.

Байқауға  қатысу үшін материалдар 2020 жылғы  25 қыркүйекке  дейін art-yurta2020@mail.ru электронды почтасында қабылданады.  Өтінімді алған кезде 3 жұмыс күні ішінде авторға жұмыстың  байқауға енгізілгені туралы хабарлама жіберіледі.

Ұйымдастыру комитеті көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен немесе талаптарға жауап бермейтін өтінімдерді қарамайды.

Көрме-байқаудың  қатысушылары кәсіби дизайнерлер мен суретшілер (қазақстандық және шетелдік) — дербес және авторлық ұжымдардың құрамында; бейіндік оқу орындарының студенттері, магистранттары мен оқытушылары; өндірістік фирмалар мен кәсіпорындар, сондай-ақ  кез-келген шығармашылықпен  айналысатын тұлғалар қатыса алады.

Көрмеге қатысу түрлі  номинациялар бойынша өтеді:

  • Сәулеттік дизайн-жоба
  • Кіші сәулеттік пішіндер мен жиһаздардың дизайны
  • Графикалық дизайн жоба
  • Көркем тоқыма (гобелен, құрақ техникасы, матаға сурет салу, киіз, авторлық техникалар және т. б.));
  • Сәндік көлемді нысандар (керамика, табиғи материалдар, ағаш ою, мүсін, арт-нысандар және т. б.))
  • Сән және аксессуарлар дизайны
  • Металды көркем өңдеу
  • Теріні көркем өңдеу
  • Сурет
  • Кескіндеме

Көрме-байқау  нәтижелері  2020 жылдың  2 қазан күні  сағат 14:00-де ZOOM платформасында онлайн конференцияда және бұқаралық ақпарат құралдары, университет сайты мен  әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Қатысу шарттары және өтініш толтыру