Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет деканының оқу құралы 8 тілде жарық көрді

Университет деканының оқу құралы 8 тілде жарық көрді

Жұбанов университетінің физика-математика факультетінің деканы Асқар Аймұқатовтың «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру: дәстүрден инновацияға дейін» (жаңа формация мұғалімі) оқулығы жақында «LAMBERT» халықаралық баспа орталығында жарық көрді.

Баспаның бастамасымен бұл  жұмыс 8 тілде (ағылшын, неміс, француз, поляк, португал, испан, итальян, нидерланд) аударылып басылды және Еуропалық Одақтың Sciencia Scripts Халықаралық кітабы арқылы халықаралық деңгейде таратылды.

Оқу құралы әр деңгейдегі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамына, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырушыларға арналған.