Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Экоеріктілер Дүниежүзілік акцияны қолдады

Экоеріктілер Дүниежүзілік акцияны қолдады

Жұбанов университетінің экоеріктілері «World Clean up day 2020» акциясына  қатысты. Акция барысында студенттер басқа да қатысушылармен бірге  Сазды су қоймасының жағалауындағы қалдықтарды тазалады.

Айта кетейік, жыл сайын аталмыш акцияға бүкіл әлем бойынша 157 ел және 18 миллион еріктілер қатысады. Ол қоршаған орта үшін уақытты қызықты әрі пайдалы өткізіп қана қоймай, азаматтардың экологиялық санасының қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз  Жолдауында мектептер мен жоғары оқу орындарында жас ұрпақты экологиялық тәрбиелеуге тиісті көңіл бөлу қажеттілігін атап өткен болатын.  Соған орай қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы жүйелі түрде өткізуге үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр.