Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2020 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында on-line режимінде өтеді.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

  • 6В01511-География-История
  • 6В01601-История
  • 6В02201-История
  • 7М01601-История
  • 7М02201-История
  • 6В05401-Математика
  • 6В05301-Физика
  • 7М05401-Математика
  • 7М05301-Физика
  • 6В01508-Математика-Физика
  • 6В01510-Физика-Информатика
  • 6В01509-Математика-Информатика
  • 6В06105-Компьютерная инженерия
  • 8D05301-Физика
  • 8D05401-Математика

Аталған рәсімді агенттіг тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар тартылған сараптау тобы жүзеге асырады. Комиссия төрайымы: Гузева Татьяна Александровна (Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті). АРТА/IAAR координаторы: Ниязова Гүлияш Балкенқызы (ЖОО институционалдық және мамандырылған аккредиттеу жобасының жетекшісі).

Сарапшылар: Белых Юрий Эдуардович (Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті), Палкин Евгений Алексеевич (Ресей жаңа университеті), Сәрсенбі Әбдіжхан Манапұлы (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті), Мұсабалина Гүлнар Төлеуғазықызы (Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Күлжумиева Айман Аманкелдіқызы (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті), Ғабдулина Айнұр Жұмағазықызы (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Урмашев Байдәулет Амантайұлы (Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті). Сарапшы-жұмыс беруші: Екібасова Бибігүл Ілесқызы (Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының орынбасары). Сарапшы-Студент: Михайлюк Владлена Сергеевна (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті), Темірболат Гүлжайнар Дәуренқызы (Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті).

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.