Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақын өлеңдері түрік тіліне аударылды

Ақын өлеңдері түрік тіліне аударылды

Түркия Республикасы Кастамону университетінің «Түркология» мамандығы бойынша профессор Орхан Сөйлемездің  ғылыми жетекшілігімен магистрант  Адилям Турсын “Ötejan Nurgaliev’in Şiir Dünyası” («Өтежан Нұрғалиевтің өлеңдер дүниесі») тақырыбында магистрлік диссертация  қорғады.

Диссертация кіріспе және қорытынды бөлімдерінен тыс 3 бөлімнен тұрды. Ғылыми жұмыста 1960-1970 жылдардағы көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің өмірбаяны және шығармалары туралы ақпараттар жазылды. Қазақтың аса дарынды ақыны Өтежанның 1977-1978 жылдары жазылған «Соғыстың соңғы жазы» кітабынан таңдаулы 44 баллада түріндегі өлеңдері түрік тіліне аударылды.

Сондай-ақ, аударылған өлеңдер тақырыптары бойынша 5 тақырыпқа жіктеліп, жіктелген өлеңдердің ішінен 5 өлеңге антологиялық және тематикалық әдістермен талдау жүргізілді.

«Соғыстың соңғы жазы» кітабынан алынған өлеңдер мен дипломдық жұмыстың қорғалуына қолдау білдірген Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков мырзаға, профессор Гүлжан Шоқым ханымға  алғысымды білдіремін.

 

Құрметпен,

Түркия Республикасы

Кастамону университетінің профессоры

Орхан Сөйлемез