Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Бірінші курс студенттерімен кездесу

Бірінші курс студенттерімен кездесу

Соңғы екі аптада Жұбанов университеті бірінші курс студенттерімен онлайн режимінде кездесулер өткізіп, университеттің студенттік ұйымдарымен танысты.

Барлық факультеттерден 14 клуб және 200-ден астам топ басшылары қатысты. Клубтың әрбір өкілі ұйымның қызметі туралы, олардың жұмысының алдағы жоспарлары туралы, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қоғамдық жобаларды іске асыру туралы баяндады.

Сонымен қатар, білім алушылар жастарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеу туралы өз ойларын ортаға салды.

Бірінші курс студенттері қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қою арқылы белсене қатысты.  Кездесу соңында  қатысушылар мұндай онлайн кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу керек деген тоқтамға келді.