Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әлихан жазған сценарий бойынша анимациялық фильм түсіріледі

Әлихан жазған сценарий бойынша анимациялық фильм түсіріледі

Республикалық телеарналарда мультхикая жарық көрді, оның авторы — Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің оқытушысы, жас маман Әлихан Жақсылық.

«Ырысты ыдыстар» мультхикаясы  Әлихан Жақсылықтың сценарийі желісінде «Balapan» телеарнасының  тапсырысы бойынша түсірілді.

«Ырысты ыдыстар» бүгінде жаппай қолданыстан шығып қалған ұлттық ыдыстарымызды қайта насихаттауды мақсат етеді.

Анимациялық фильм балаларға қызықты оқиғалар топтамасында ата-бабаларымыздан қалған жәдігерлерді таныстырады.

Әр бөлімде ұмытылып, қолданыстан шыққан  ыдыстар туралы айтылады. Сонымен қатар әр кейіпкердің өз мінезі мен өзіне тән ерекшеліктері қамтылады.

Айта кетейік, анимациялық фильм «Balapan» телеарнасында  1 қазаннан бастап көрерменге жол тартады.

 

P.S. «Balapan» 2010 жылдан бері миллиондаған көрерменіне қызық та қайталанбас жобалар ұсынып келеді. Бүгінде «Otau TV» жерсеріктік желісінде 1 млн 400 мыңнан астам абонент «Balapan» арнасын көреді. Сонымен қатар кабельдік хабар тарату операторлары арқылы телеарнаны 1 004 316 абонент тамашалайды. Бұған қоса арнамызды еліміздің 84,37 пайызы сандық жерүсті телехабар тарату желісі арқылы көреді.