Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Дәстүрлі шара жалғасын тапты

Дәстүрлі шара жалғасын тапты

Жұбанов университетінің белсенді студенттері  Мұғалімдер күні қарсаңында үшінші жыл қатарынан қала көшелеріне шығып, мұғалімдердің еңбегіне айрықша назар аударды.

Акцияның басты  мақсаты — ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету және жастардың ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге шақыру.

Бүгін «Ұстазыма мың алғыс» акциясы аясында студенттер түрлі-түсті парақшалар таратып, Арбатта, 101-ші атқыштар бригадасының аллеясында және ірі сауда орталықтарының жанында гитарамен ән шырқады.

Сонымен қатар, Студенттік Парламент белсенділері «Мұғаліміңе қоңырау шал!» акциясын бастап, өз мұғалімдеріне жылы сөздер мен тілектерін  арнауға шақырды.

Аталған акция барысында студенттер қатарына ақтөбелік тұрғындар да қосылды.

Сондай-ақ, жас  Жұбановшылар әлеуметтік желілердегі парақшаларында  #Повторифотос_учителем  хештегімен  мектеп мұғалімдерімен бірге түскен суреттерін жариялап, кәсіби мерекемен  құттықтауда.

Айта кетейік, ұстаздарға арналған акция бір аптаға созылады.