Вторник, Май 30, 2023
Басты > Жаңалықтар > Жүлделі орындарға ие болды

Жүлделі орындарға ие болды

Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің білім алушылары «Әлем таныған Абай!» атты балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында өткен республикалық байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Аталмыш байқау Алматы қаласындағы «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық, шығармашалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Байқау Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойын кеңінен насихаттау және жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйыдастырылды.

Байқауда эссе жанры бойынша  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс білім алушылары Сұлушаш Қорқытбаева I орын, Альбина Мырзалықызы II орынға ие болды.

Ал  бейнелеу өнері жанры бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1-курс білім алушысы Әсем Әділбекова II орынды  иеленді.

Сонымен қатар  байқауда белсенділік танытқан білім алушылардың ата-аналары да Алғыс хатпен марапатталды.