Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бопай ханым рухына тағзым

Бопай ханым рухына тағзым

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру іс-шаралары аясында Ресей Федерациясы  Орынбор облысында жерленген Бопай ханымға зиярат етіп, құран бағыштау үшін «Бекет ата» мешітінің имамы Ислам қажы Мырзабекұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Миров Мұхтар Орынбасарұлы, белгілі қоғам қайраткері Сағиев Игілік Барсайұлы, қобдалық атбегі Анешов Жәнібек арнайы барып келді.

Тарихты жасайтын тұлғалар оларды таныту, ұлтымыздың рухани жаңғыруына қосар үлес бұл тарапта Әбілхайыр ханның зайыбы Нұралы, Ералы, Айшуақтай хандардың анасы ғана емес, дәуірінде көрнекті қоғам қайраткері, сарабдал саясатшы бола білген Бопай ханымның өр де өнегелі өмірі талай ғасыр ұрпағына үлгі боларына күмән жоқ. Бұл жайында Елбасының мерейлі күнге орай қазақтың арулары мен аналарының басын қосқан алқалы жиында: «Біз ананы, әйелді әруақытта құрметтеп, жоғары бағалаған халықпыз. Батыр аналарымыз елбасына күн туғанда ер азаматтармен бірге қолына қару алып Отан қорғаған, ел үшін ер азаматтармен бірге жауға шапқан Бопай ханым, Хиуаз Доспанова, Әлия-Мәншүктер ерліктерімен елдің санасында қалғанын бәріміз жақсы білеміз» — деген болатын. Бопай ханым Сүйіндікқызының ұлт үшін аянбай еңбек еткен ерен істерін өскелең ұрпаққа насихаттау ісі де біздің оқу орнында жалғасын табады.