Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің 85 жылдық мерейтойында әлемнің ғалымдары бас қосады

Университеттің 85 жылдық мерейтойында әлемнің ғалымдары бас қосады

Жұбанов университеттің 85 жылдығына орай 2020 жылдың 2-3 қазанында «Жоғары білім беруді интернационалдандырудағы әлемдік тұжырымдамалар, үрдістер мен сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өткізіледі.

Конференцияда жоғары білім беруді, ғылымды интернационалдандырудағы тәжірибе мен мүмкіндіктер, шетелдік серіктестердің үздік тәжірибесі, халықаралық білім-ғылым жобаларының жоғары білім беруді интернационалдандырудағы рөлі талқыланады.

Конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындары, Италия, Испания, Франция, Польша, Түркия, Болгария, Эстония, Моңғолия, Ресей Молдова, Әзербайжан, Украина, Белорусь елдерінің жоғары оқу орындары басшылары, дипломатиялық өкілдер, ғалым-профессорлары, халықаралық ынтымақтастық сарапшылары қатысып, баяндама жасайды, дөңгелек үстел басына жиналып тақырыптық пікір-талас жүргізеді.

 

Онлайн конференцияның ашылуы:

2 қазан, 2020 жыл, сағ. 14-00 (жергілікті уақыт),

Мұхтар Арын атындағы бас ғимарат, Ғылыми Кеңес залы (1-қабат).