Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Видеоэкскурсиялар байқауының жеңімпазы анықталды

Видеоэкскурсиялар байқауының жеңімпазы анықталды

Жұбанов университетінде «География және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Менің өлкем! Камера! Мотор!»      видеоэкскурсиялар байқауы ұйымдастырылды.

Байқау   — өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихы мен географиясына деген қызығушылығын арттыруға, жаңа көрікті жерлерді анықтауға, жастар арасындағы шығармашылық бастамаларды қолдауға және өскелең ұрпақты туған өлкенің тарихын, географиясын зерттеуге тартуға бағытталған.

Байқауға мектеп оқушылары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ магистранттар мен жас ғалымдар қатысты.

Байқауға қатысушылар  «Үздік мәдени-танымдық бейнеэкскурсия»,  «Менің өлкеме қош келдіңіздер!», «Этнографиялық калейдоскоп», «Өлкенің табиғи байлығы» тақырыптарында  видеоэкскурсиялар ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегі жеңіпаздар марапатталды.

Гран-при – Амина Абдрахман;

1 орын – Дана Қабылашева, Камшат Аширбекова;

2 орын – Лейла Джантасова;

3 орын —  Тоғжан Өтегенова.

 

Байқау жеңіпаздарын құттықтаймыз!!!