Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Аймақтық семинарда бас қосты

Аймақтық семинарда бас қосты

Жұбанов университетінің 85 жылдығына орай «Студенттік өзін-өзі басқару — жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту негізі» тақырыбында аймақтық онлайн-семинар өткізілді.

Семинарға Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан облысы, Ақтау, Атырау қалаларын  қамтыған  100-ден астам студенттер  қатысты.

Сондай-ақ семинарға жастар қозғалысының жетекшілері мен жастар ұйымдарының жетекшілері де қатысты.

Аймақтық семинарда  Абдулла Жандос, Сая Сағынғалиқызы, Нұрбақыт Алтынбекқызы, Нарқозы Қартжан және Райбек Сағадатовтар студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы баяндады.

Семинарда  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметінің жетекшісі, блогер Ақерке Берлібай жастармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп,  сөз соңында Жұбанов университеті туралы жылы лебізін білдірді.

Аймақтық семинарға қатысқан  жоғары оқу орындарының білім алушы жастары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, қажетті тақырыптар жөнінде толық мәліметпен сусындады.