Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жастар – кітап әлемінде

Жастар – кітап әлемінде

Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына орай  «Жастар – кітап әлемінде» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

Жиынның өзектілігі:

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — жас ұрпаққа кітапханадағы кітаптарды насихаттау, кітап оқуға баулу, сонымен қатар аудан мектептерінің оқушыларына университетіміздің электронды ресурстарын тегін ұсыну, пайдалану жолдарын түсіндіру.

Жиынның өткізілу барысы:

  • Кіріспе сөз. Ғылыми кітапхана директоры Мазылбекова Илия Оразғалиқызы;
  • Қ.Жұбанов университеті ғылыми кітапханасына шолу. Ғылыми кітапхана әдіскері Изтлеуова Айдана Русланқызы;
  • Кітапхана – рухани байлық мекені. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ғылыми кітапханасының директоры Алимбекерова Тоты Еркенқызы;
  • Қазіргі заман жастарын тәрбиелеуде кітаптың рөлі. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «кітапхана ісі» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Даулетқалиева Гүлмирам Қосымқызы;
  • Кітап – сарқылмас қазына. Филология факультетінің докторанты Жазықова Раушан.

Жиынға қатысушылар: Жұбанов университетінің  ғылыми кітапханасының қызметкерлері, Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, аудан мектептерінің кітапханашылары, студенттер, магистранттар, докторанттар.

 

Өткізілетін күні мен уақыты:2 қазан, 2020 жыл, сағат 15:00.

Zoom платформасы: Индентификациялық номер: 238 305 1276

Пароль: arsu2020