Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Білім министрлігі ұстаздарға видеоқұттықтау жолдауға үндеді

Білім министрлігі ұстаздарға видеоқұттықтау жолдауға үндеді

Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтап, министрліктің Instagram парақшасына видеоқұттықтау жолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі — кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағының айқын көрсеткіші. Ұстаздарымызға білім беру мен тәрбиелеу ісіне қосқан өлшеусіз үлестері және кәсіпке деген адалдықтары үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Құрметті оқырмандар! Мұғалімдер күні қарсаңында ұстаздарыңызға арналған жылы лебіздеріңізді жолдай аласыздар. Ол үшін бейне құттықтауларыңызды Instagram желісінде @edu_news_kz парақшасын белгілеп, #Ұстазыма_Мың_Алғыс немесе #Спасибо_Вам_Учитель хештегтерін пайдалана отырып жариялау қажет», — деп хабарлады министрлік.

Ерекше құттықтаулар Білім және ғылым министрлігінің Instagram парақшасында жарияланады.