Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Зейнеткер ұстаздарға құрмет

Зейнеткер ұстаздарға құрмет

Жұбанов университеті зейнет жасына толып, еңбек демалысына шыққан ұстаздарды құттықтады.

Қарттар күніне орай 300-ден астам ардагер университеттің кәсіподақ ұйымының сыйлықтарына ие болды.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ольга Сұлтанғалиеваның айтуынша, университет ұжымы ардагерлерін құрмет тұтып, әрдайым еске алады. Оларды жыл сайын құттықтап, мерекелік кездесулерге шақырады. Ардагерлерге биыл тәтті сыйлықтар дайындалды.

Сонымен қатар  Жұбанов университетінің білім алушылары да қарттарға ризашылықтарын білдіріп, көшеде көмек акцияларын ұйымдастырды.  Әлеуметтік желілерде құттықтау тілектерін жолдады.