Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Айбек — азия ойындарының екі мәрте қола жүлдегері

Айбек — азия ойындарының екі мәрте қола жүлдегері

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында  Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта V Азия ойындары өткен болатын.

17 қыркүйекте жалауы желбіреген байрақты бәсекеге Азияның 62 елінен келген 6000-ға жуық спортшы спорттың 21 түрі бойынша сынға түсті.

Аталмыш байрақты додада ел намысын қорғауға Қазақстанның 150  спортшысы аттанып, олар жарыстың 17 түрінен бақ сынады.

Бұл жолғы жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнерден V Азия ойындарының ұраны «Денсаулық. Шабыт. Достық» болды. Ашғабад қаласы жарысты өткізу мәртебесіне 2010 жылдың 19 желтоқсанында ие болған. Ал, 2013 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен IV Азия ойындарында Азия Олимпиада Кеңесі жарыстың ресми туын Түрікменстанға тапсырған еді. Жабық ғимараттағы және жауын­гер­лік өнерден Азия ойындары­ 2005 жыл­дан бері тұрақты түрде ұйым­дас­тырылып келеді. Азия чемпионаты­нан кейінгі екінші дәрежелі біріншілік ретінде саналған бұл жарысқа Қазақстан құрамасы биыл төртінші рет қатысып жатыр.

Айтулы додаға жастармен бірге әлемге әйгілі спортшылар мен Олимпиада чемпиондары қатысты.

2017 жылдың 15-24 қыркүйек аралығында университетіміздің Кәсіби-шығармашылық факультеті Дене шынықтыру және спорт мамандығының  2-курс студенті Айбек Камзенов та V Азиада ойындарына кеткен болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша жүзу спортының шебері Айбек Камзенов екі мәрте қола жүлдегері атанды. Кеше  Айбекті  жанкүйерлері мен университет ұжымы әуежайдан күтіп алды.

Алдағы уақытта ол облыс намысын қорғауға «Қазақстан кубогі» үшін жарысына Теміртау қаласына аттанады.

Айбекті жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!