Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

Жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

Бүгін Жұбанов университетінің 85 жылдығына орай оқу орнының тарихынан сыр шертетін кітаптың тұсауы кесілді.

Кітап авторы университет оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Әбенов.

Кітапта өңірдегі жетекші университеттің 85 жылдағы өзгерістері мен қол жеткізген жетістіктері туралы баяндалады. Мұнда облыстық мұрағат материалдары негізінде алғашқы студенттер, оқытушылар, оқу ғимараттары туралы мәліметтер келтірілген.

Жұбанов университеті 1966 жылы педагогикалық институттың ашылуынан бастау алады. Кітап авторы Дәулет Әбеновтің айтуынша, мұрағат материалдары негізінде 1934 жылы қалада орта мектеп мұғалімдерін даярлау үшін екі жылдық мұғалімдер институты ашылып, 1948 жылы екі жылдық қыздар институты, кейін Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылды.

Кітапта сипатталған оқиғалар Ақтөбе тарихымен үндесіп, отандық білім берудің дамуын көрсетеді. Аталмыш еңбек студенттерге, оқытушыларға және ЖОО түлектеріне, сондай-ақ туған өлкесінің тарихына қызығушылық танытқан оқырман қауымның аудиториясын қамтиды.

Мерейтой аясында Жұбанов университетінің ғалымдарының «Жұбанов кітапханасы» сериясынан 10-нан астам басылымдары, Университет баспасөз беттерінен» библиографиялық көрсеткіші және Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық онлайн көрменің экслибрис каталогы  таныстырылды. Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық онлайн көрменің Экслибрис каталогы  таныстырылды.

Шара соңында  еңбектердің құн­дылығын аса жоғары бағалаған мерейтой меймандары  жылы лебіздерін білдіріп, салтанатты түрде су жаңа кітаптардың тұсауын кесті.