Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мерейтойлық марапаттар

Мерейтойлық марапаттар

Жұбанов университетінің  өркендеуі мен дамуына үлес қосқан ғалымдар, қызметкерлер марапатталды.  Көз майын тауысып, ғылыми жаңалық ашуға өз өмірін арнайтын ғалымдарға бұл сый-сияпат университет мерейтойының құрметіне берілуде.

Бүгінгі  мерейтойда үздіктерге «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерекелік төсбелгісі тапсырылды. Салтанатты жиында  ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі айрықша аталып, ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің атынан лайықты құрмет-қошемет көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы марапатына білім-ғылым саласының  85 майталманы лайықталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ал бірқатар университет ғалымдары ұзақ жылғы  адал еңбегі, ғылым мен білім саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан зор үлесі үшін  облыс әкімінің Алғыс хатымен  марапатталды.

Салтанатты жиында биылғы жылы лайық деп танылған «Үздік факультет» пен «Үздік кафедраға» техникалық құралдармен жабдықталған  компьютерлік класс қолданысқа берілді.

 

 «Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК

УНИВЕРСИТЕТІНЕ 85 ЖЫЛ»  мерекелік медалі

  1. Цхай Константин Валентинович — физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, ректор кеңесшісі;
  2. Сартабанов Жайшылық Алмағамбетұлы — «Математика» кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы;
  3. Молдаханов Әдебиет Молдаханұлы — филология ғылымдарының докторы, профессор;
  4. Байдосов  Зәкіраддин  Байдосұлы —  тарих ғылымдарының кандидаты, профессор;
  5. Айталы Амангелді Әбдірахманұлы — Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, профессор;
  6. Абдоллаев Нұртаза Ағишанұлы — «Тарих және дінтану» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы;
  7. Спивак-Лавров Игорь Феликсович — «Физика» кафедрасының профессоры физика-математика ғылымдарының докторы;
  8. Қаңтарбаев Сембай Ерғалиұлы — педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор;
  9. Шүңкеев Қуанышбек  Шүңкейұлы —  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
  10. Мұқашева Айгүл Мақсатқызы — Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының басшысы, университет түлегі.

 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫ

  1. Доскеев Гималин Алтынбаевич — «Физика» кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты;
  2. Туретаева Гулайым Изтлеуовна — «Психологиялық-педагогоикалық және арнайы білім беру» кафдерасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты;
  3. Искиндирова Салтанат Куатовна — «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафдерасының доценті,филология ғылымдарының кандидаты;
  4. Кубиева Светлана Сарсенбаевна – «Дене шыныктыру жане спорт» кафедрасының аға окытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты;
  5. Ли Инна Климентьевна – «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы.

 

«Үздік факультет»

2019-2020 оқу жылының  KPI  нәтижесі бойынша  ІІІ орынға ие болған Техникалық факультетіне қажетті техникалық құралдармен жабдықталған  компьютерлік класс қолданысқа берілді.

2019-2020 оқу жылының  KPI нәтижесі бойынша ІІ орынға ие болған Педагогика факультетіне  қажетті техникалық құралдармен жабдықталған  компьютерлік класс қолданысқа берілді.

2019-2020 оқу жылының  KPI нәтижесі бойынша І орынға ие болған Физика-математика факультетіне қажетті техникалық құралдармен жабдықталған  компьютерлік класс қолданысқа берілді.

 

«Үздік кафедра»

2019-2020 оқу жылының  KPI  нәтижесі бойынша Үздік деп танылған «Биология» кафедрасына қажетті техникалық құралдармен жабдықталған  компьютерлік класс қолданысқа берілді.

2019-2020 оқу жылының KPI нәтижесі бойынша Үздік деп танылған  «Металлургия, тау-кен ісі және мұнай газ»  кафедрасына қажетті техникалық құралдармен жабдықталған  компьютерлік класс қолданысқа берілді.

2019-2020 оқу жылының KPI нәтижесі бойынша Үздік деп танылған  «Психологиялық — педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасына қажетті техникалық құралдармен жабдықталған  компьютерлік класс қолданысқа берілді.