Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік спортшы азия ойындарының жүлдегері атанды

Ақтөбелік спортшы азия ойындарының жүлдегері атанды

Қыркүйек айының соңында Түркеменияның Ашхабад қаласында жабық ғимаратта өтетін бесінші Азия ойындары ұйымдастырылды. Дода қорытындысында жүзу спортының шебері Айбек Камзенов екі мәрте қола жүлдегер атанды. Бүгін оны жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды.

Бесінші Азия ойындары Ашхабадта қыркүйектің 17-сі мен 27-сі аралығында өтті. Жүзуден біздің облысымыздың атынан  «Достық» су спорты мектебінің және олимпиада резервін даярлау орталығының екі тәрбиеленушісі шықты. Бірі — Айбек Қамзенов, екіншісі — Диана Назарова. Жарыс қорытындысында Айбек Қамзенов екі мәрте қола медальға қол жеткізді.

АЙБЕК  КАМЗЕНОВ, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІ МӘРТЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

— Мен 100 метр, 200 метр брасс әдісімен жүздім. Біздің құрама команда жақсы өнер көрсетті. Енді мақсатым — келесі жылы Азияда өтетін ең ірі жарысқа қатысу. Қазірден даярлықты күшейтуге кірісемін

Жарыстан кейін Айбек Қамзенов пен Диана Назарова Түркияда оқу-жаттығу жиынына қатысты. Осы аптада олар облыс намысын Қазақстан кубогі үшін жарыста қорғау үшін Теміртау қаласына аттанады. Ал бүгін спортшының қуанышын бөлісу үшін әуежайға ұстаздары да келді.

Айгүл Байменова

источник