Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дөңгелек үстел мерейтойға арналды

Дөңгелек үстел мерейтойға арналды

Жұбанов университетінің 85 мерейтойы аясында тарих факультетінде «Архив құжаттарындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға университеттің профессор-оқытушылық құрамы, архив қызметкерлері және факультет түлектері қатысты.

Салтанатты шараны факультет деканы, доцент Гүлмира Купенова құттықтау сөзімен ашып, аталған оқу орнында 1983-1995 жылдары басшылық қызмет атқарған профессор Мұхтар Арынның жеке мұрағат қорының таныстырылымын өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысқан  мұражай қызметкері, зейнеткер  Гүлшара Жаркилова Мұхтар Арынның өмірі, еңбек жолы мен қызметі туралы кеңінен баяндап берді.

Басқосуда  магистрант Айдана Бимурзаева  М.Арынның жеке қор құжаттары  туралы өз зерттеуімен бөлісті.

«Тарих факультеті архив құжаттарында» баяндамасында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Абенов облыстық архив материалдары негізінде әзірленген Жұбанов университетінің 85 жылдығына орай шығарылған оқу орнының тарихынан сыр шертетін кітап туралы таныстырды.

Дөңгелек үстелге жиналғандар өз кезектерінде университет мерейтойына құттықтау лебіздерін жеткізді.