18 қазанда «Шетел тілдері» факультетінде университет ректоры, проректорлар мен білім беру департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген Ғылыми Кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында факультет деканы Досым Байдрахманов факультеттің 2016-2017 оқу жылында атқарған жұмыстары мен жетістіктері жөнінде баяндама оқыды және 2017-2018 оқу жылына арналған стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. Университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков факультеттің артықшылықтары мен кемшіліктеріне шолу жасап, ұсыныстар білдірді. Отырыс соңында факультет басшылығы мен факультеттің профессор-оқытушылар құрамы атқарып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.