Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кітапханашылар бас қосты

Кітапханашылар бас қосты

Жұбанов университетінің Ғылыми кітапханасы оқу ордасының мерейтойына орай  орай «Жастар – кітап әлемінде» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізді.

ZOOM платформасында ұйымдастырылған  дөңгелекү стелге М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы, С.Бəйішев атындағы Ақтөбе облыстық əмбебап ғылыми кітапханасы қызметкері Ақмарал Сайлауқызы, докторанттар, ғылыми кітапхана қызметкерлері мен аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.

Университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембековтің бастамасымен аудан мектептерінің кітапханаларына әдістемелік көмек беру мақсатында ғылыми кітапханадағы электрондық ресурстарды тегін пайдалану және тіркелу жолдары түсіндірілді.

Іс-шара барысында   М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы кітапхана жұмысының маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы баяндап, сөз соңында Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына жылы лебізін білдірді.

С.Бəйішев атындағы Ақтөбе облыстық əмбебап ғылыми кітапханасы қызметкері Ақмарал Сайлауқызы жастардың көркем әдебиетке деген  қызығушылығын тілге тиек етіп, жастардың арасында сұранысқа ие оқулықтармен бөлісті.

Жұбанов университетінің филология мамандығының докторанты Раушан Жазықова жастар мен кітапхананың байланысы жөнінде кеңінен  баяндады.

Дөңгелек үстел қорытындысында аудан кітапханашылары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, ауқымды шараны ұйымдастырған ғылыми кітапхана ұжымына алғыстарын жеткізді.