Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті Облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 8-25 қыркүйек аралығында университеттің кәмелетке толмаған студенттерімен кездесулер ұйымдастырды.

Онлайн-кездесулер факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция кураторлары мен инспекторларының қатысуымен өтті.

Бекітілген жоспарға сәйкес апталық аясында 3 мыңға жуық студентке кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, әкімшілік құқық бұзушылықтар және университеттің ішкі тәртібі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.