Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шағын футбол

Шағын футбол

Жұбанов университетінде бірінші курс білім алушыларының арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарысты  «ARSU League» студенттік шағын футбол командасының жігіттері оқу ордасының 85 жылдық мерейтойына орай  ұйымдастырды.

Ойынға қатысу үшін барлық факультеттің студенттері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр факультеттен ойынға  50-ден астам қатысушы  ниет білдірген. Сондықтан турнирге жоспарланған 10 команданың орнына 13 команда өтті.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды:

1 орын — кәсіби-шығармашылық факультетінің NATUS VINCERE командасы;

2 орын   — экономика және құқық факультетінің LEGION командасы;

3 орын —  Жоғары колледждің командасы.

Сондай-ақ, жарыс соңында  кәсіби-шығармашылық факультетінің студенті Тимур Қуантаев «Турнирдің үздік сұрмергені»  ретінде танылды. Ал   экономика және құқық факультетінің студенті Рахимов Алимжан үздік қақпашы, Жоғары колледжнің студенті  Дидар Оралбаев үздік ойыншы  атанды.