Воскресенье, Октябрь 25, 2020
Басты > Жаңалықтар > 15 қазан — кітапханашылар күні

15 қазан — кітапханашылар күні

Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі.

Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы — кітаптарды қамқорлыққа алады. Кітапсыз біз оқып, әлемді және өзімізді танып, дамып, ғылым мен өнердің жаңа шыңдарына қол жеткізе алмаушы едік.

Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар.

Кітапхана – ғылым отаны,  білім мен ғылым ордасы. Оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік.

Құрметті кітапханашылар!

Сіздерді кітапханашылар күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!