Пятница, Март 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу шараларын күшейту туралы

Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу шараларын күшейту туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ                       БАС МЕМЛЕКЕТТІК

ҚАУЛЫ

 21.10.2020ж.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында шектеу шараларын күшейту туралы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына сәйкес(бұдан әрі – 25.06.2020жылғы №43 Қаулы), Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың тіркелуіне байланысты және оның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

І.  Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы м.а. (Дүйсенбаева  А.Қ.) және меншік түріне қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:

  1. Меншік түріне қарамастан, барлық медициналық ұйымдарда (ауруханалар, емханалар, стоматологиялық, гинекологиялық және басқа медициналық ұйымдар) 25.06.2020жылғы № 43 Қаулының 2-қосымшасына сәйкес “лас” және “таза” аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету;
  2. Меншік түріне қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарынд ашлюздер ұйымдастырылып пациенттердің бүкіл ағынының дене температурасы нөлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ету;
  3. Меншік түріне қарамастан барлық денсаулық сақтауұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттер анықталған жағдайда оларды оқшаулауға изолятор ұйымдастыру;
  4. Пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19  ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді қамтамасызету;
  5. Босандыру ұйымына босанатын әйелдер, сондай-ақ көп бейінді стационарларға COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда көрсетуді қамтамасыз ету;
  6. Стационарға емдеуге түскен кезде науқастарды COVID-19-ға міндетті түрде зертханалық тексеруден өткізуді 25.06.2020жылғы № 43 Қаулының 33-қосымшасына сәйкес қамтамасыз ету;
  7. Көпбейінді ауруханалардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек бөлуді қамтамасыз ету;
  8. Меншік түріне қарамастан облыстағы стационарларда медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеуді қамтамасыз ету;
  9. Пациенттердің бөлімшелер арасында қозғалысына жол берлмеу;
  10. Пациенттерге туыстарының келуіне тыйым салу;
  11. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-рын кию, қолды антисептиктермен өңдеу) режимдерін және бөлімшелердің жұмысын (палатадан палатаға орын ауыстыруын)  бақылау мақсатында бейнебақылау болуын қамтамасыз ету;
  12. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтауды қамтамасыз ету;
  13. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету;
  14. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан жүргізілуін қамтамасыз ету;
  15. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі-МСАК) объектілеріне кіретін адамдардың дене температурасын бақылауды қамтамасыз ету;
  16. Емхана және стационар ғимарттарының кіре берісі тиісті көрсеткіштермен жабдықтала отырып ЖРВИ, ТОРИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды қамтамасыз ету;
  17. ЖРВИ, ТОРИ, тұмау белгілері және COVID-19 симптомдары бар адамдарды 103 бригадасы келгенге дейін оқшаулау үшін арнайы бөлінген бөлмені ұйымдастыру;
  18. МСАК ұйымында көзбе-көз қабылдауды және пациенттерді үйде қарауды жүзеге асыратын медициналық персоналтиісті ЖҚҚ-мен жарақтандыруды қамтамасыз ету;
  19. Пациенттерді қабылдауды алдын ала жазылу бойынша жүргізуді қамтамасыз ету;
  20. Үйдегі карантиндегі адамдар үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) медициналық ұйымдарға бармай рәсімдеуді ұйымдастыру;
  21. Пациенттерді тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде рецептерді онлайн-беруді немесе үйге жеткізуді ұйымдастыру;
  22. Жұқпалы аурулар мен COVID-19 әрбір жағдайына департаментке және аумақтық басқармаларға шұғыл хабарламаны уақтылы беруді қамтамасызету;
  23. Жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
  24. Үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы (қашықтықтан, мобильді бригадалар) динамикалық бақылау жүргізу;
  25. Меншіктің барлық түріндегі стоматологиялық ұйымдарға қабылдауды телефон арқылы мұқият сұрау жүргізу арқылы алдын ала жазылу бойынша қамтамасыз ету;
  26. Әрбір пациентке пациенттің қолы қойылған сауалнама толтырлуын қамтамасыз ету;
  27. Күту кезінде пациенттердің байланысын және қиылысын болдырмауды қамтамасыз ету;
  28. Көлемі үлкен клиникаларда тіркеу орнында пациенттер арасындағы 2 метр қашықтықты қамтамасыз ету;
  29. Әрбір пациентті қабылдағаннан кейін кабинтті кемінде 30 минут экспозицияны сақтап кварцтауды жүргізуді қамтамасыз ету;
  30. Барлық меншік түріндегі стоматологиялық клиникаларда бір реттік құрал-саймандарды барынша пайдалануды, көп реттік құрал-саймандарды пайдалану кезінде өңдеу режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ету;
  31. Меншік түріне қарамастан барлық медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлеріне күніне 2 рет күнделікті сұрау және дене температурасын өлшей отырып, бақылау журналына тіркеу жүргізіп тұрақты медициналық бақылау жүргізуге жауапты медицина қызметкерін бекіту;
  32. Халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу,қорғаныс маскаларын кию, жеке бас  профилактикасын сақтау және ауырған жағдайдағы тактика бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу;
  33. Денсаулық сақтау объектілерінде меншік түріне қарамастан күніне кемінде үш рет құрал-сайман беттерін өңдеу, қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), жиһазды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алдын, есіктерді, қосқыштар мен розеткаларды міндетті түрде, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау,өңдеу, желдету), қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатып, күшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету;
  34. Барлық қызметкерлерді ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен 25.06.2020 жылғы № 43 Қаулының 3-қосымшасына сәйкес қамтамасыз ету;
  35. Медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтауды 25.06.2020 жылғы№ 43 Қаулынының 34-қосымшасына сәйкес орындалуын қамтамасыз ету;
  36. Эпидемияға қарсы режимді сақтауды бақылауға және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге персоналға инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамаж үргізуге, практикалық сабақтар өткізе отырып эпидемияға қарсы режимді сақтаудық амтамасызету үшін емдеу ұйымдарында госпитальдық эпидемиологтарды медициналық ұйым басшыларының бұйрығымен бекіту;
  37. Тұрғындар арасында COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау, ауру тактикасы мен ауру кезіндегі жеке профилактикалық іс-шараларды жүргізу, медицина қызметкерлері мен пациенттер арасында ауруханаішілік инфекциясын болдырмау мақсатында инфекциялық бақылау жөніндегі комиссияның жұмысын күшейту;
  38. Меншік түріне қарамастан барлық медициналық ұйымдар үшін Қаулы орындауға міндетті;
  39. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  40. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                               Н.А.Беркімбаева