Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Үздіксіз білім беру институтының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

Үздіксіз білім беру институтының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үздіксіз білім беру институтының директоры бос лауазымына конкурс  жариялайды:

Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова, 34.

Қызметінің негізгі мәні— мемлекеттік білім саясатының қағидалары негізінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың басым стратегияларын анықтау, педагогтарды ғылыми-теориялық және практикалық білім-біліктермен қаруландыру, жұмысқа орналастыру және карьералық өсу үшін кең мүмкіндікті ұсыну жолмен қосымша және кәсіптік дамудың негізгі түрлері ретінде кадрлардың кәсіби қайта даярлауын және біліктілігін қамтамасыз ету.

Қызметінің мақсаты –  университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сонлай-ақ сапаны қамтамасыз ету, еңбек нарығындағы сұраныс пен батыс аймақтың интеллектуаллдық, әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сәйкес жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың әркімге өзінің білім алуға бағытталған жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін үздіксіз еңбек нарығындағы сұраныс пен батыс аймақтың интеллектуаллдық, әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сәйкес жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың әркімге өзінің білім алуға бағытталған жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру мен дамыту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, кемінде 5 жыл басшылық немесе ғылыми-педагогикалық  қызметтегі еңбек өтілі болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі,
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (086-нысан бойынша);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  9. Наркологиялық және психикалық диспансерде тұрмайтыны туралы анықтама
  10. Үздіксіз білім институтының даму бағдарламасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар  беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он  күн) ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметі бөліміне (1 кабинет) өткізу қажет. Телефон: 8(7132) 55-24-68.