Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қаржы-шаруашылық департаментінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

Қаржы-шаруашылық департаментінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қаржы-шаруашылық департаментінің директоры бос лауазымына конкурс  жариялайды:

Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова, 34.

Қызметінің негізгі мәні—  университеттің қаржылық жағдайы жайлы толық әрі шынайы ақпаратты қалыптастыру, университеттің шаруашылық қызметі туралы мәліметтермен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен  қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп стандарттарына, университеттің есептік саясаты мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес университеттің активтері, меншікті капиталы, міндеттемелері, кірістері мен шығыстары туралы ақпараттарды жинақтау, тіркеу және айналыста ұстау;

Қызметінің мақсаты –  бухгалтерлік есептің біркелкі жүргізілуін қамтамасыз ету, ұйым жүзеге асыратын шарттар мен келісім-шарттар бойынша  қаржылық міндеттемелерді орындау, салыстырмалы және шынайы қаржылық есептілікті жасау және оны беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі,  кемінде 5 жыл басшылық немесе қызметтегі еңбек өтілі болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі,
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (086-нысан бойынша);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  9. Наркологиялық және психикалық диспансерде тұрмайтыны туралы анықтама
  10. Қаржы-шаруашылық департаментінің даму бағдарламасы.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар  беру, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он  күн) ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметі бөліміне (1 кабинет) өткізу қажет. Телефон: 8(7132) 55-24-68.