Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шаруашылық- техникалық бөлімінің басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды

Шаруашылық- техникалық бөлімінің басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы шаруашылық- техникалық бөлімінің басшысы бос лауазымына конкурс  жариялайды:

Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова, 34.

 Қызметінің негізгі мәні—  ұйымның шаруашылық-техникалық бөлімі: университеттің барлық корпустарына, жабдықтарға (кондиционерлерге, жарық шамдарына, электр желілеріне және т. б.) техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүргізуді ұйымдастыру және бақылау, жиһазбен, кеңсемен, инженерлік механикаландыру құралдарымен жабдықтау, көліктік қамтамасыз етуді ұйымдастыру.Шаруашылық қызмет көрсету, материалдық және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, ұйым меншігін сақтау мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау.Шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша басшылықтың басқарушылық шешімдерін дайындауға және орындауға қатысу. Университет пен оның бөлімшелеріне шаруашылық, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі,  кемінде 5 жыл басшылық немесе қызметтегі еңбек өтілі болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі,
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (086-нысан бойынша);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  9. Наркологиялық және психикалық диспансерде тұрмайтыны туралы анықтама
  10. Қаржы-шаруашылық департаментінің даму бағдарламасы.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он  күн) ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметі бөліміне (1 кабинет) өткізу қажет. Телефон: 8(7132) 55-24-68.