Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақын Төлеген Айбергенов атындағы конференц-зал ашылды

Ақын Төлеген Айбергенов атындағы конференц-зал ашылды

Ал Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ақиық ақын Төлеген Айбергенов атындағы конференц залы ашылды. Ақынның қызы Салтанат Айбергенова арнайы шақырылған. Сондай-ақ, еліміздің әр түпкірінен ат терлетіп келген мәртебелі меймандар қатысты. Ақын туралы естеліктерімен бөлісті. 85 жылдық тарихы бар оқу ордасында «Ақтөбе ақтаңгерлері» атты ауқымды жоба іске қосылған. Соның бір қадамы — оқу ғимараттарына танымал тұлғалардың есімі беру. Университет өз қаржысы мен жомарт жандардың қолдауын пайдалана отырып, тарихта орны ерек мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімімен оқу кабинеттерін іске қосты. Дәрісханалар ашылды. Бұл жай ғана кабинет емес, бұл танымал тұлғаларды жас ұрпаққа жіті таныстырып, насихаттау дейді — университет ректоры.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/akyn-taibergenov-atyndagy-konferenc-zal-ashyldy