Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері марапатталды

Университет студенттері марапатталды

«Салют, Победа!»  халықаралық көрмесінде Жұбанов университетінің 14 студенті   марапатталды.

Кәсіби-шығармашылық факультетінің  «Дизайн» мамандығының студенттері Мәскеудегі Экслибрис және миниатюралық кітап мұражайының дипломдарына ие болды. Университет студенттері Айдана Аяпберген мен Аделина Ерланованың экслибристері каталогта жарияланған.

«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының профессоры, Суретшілер одағының мүшесі Марзия Жақсығаринаның студенттері Халықаралық көрмелер мен байқауларға үнемі қатысып отырады.  Олардың арасында жуырда университеттің 4 курс студенті Айдана Аяпберген Аргентинаның Лагуна Пайва қаласындағы 4-ші халықаралық графика байқауында өнер көрсетіп, оның экслибристері шетелдік суретшілермен бірге каталогқа ұсынылған.