Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Фотобайқау жеңімпаздары анықталды

Фотобайқау жеңімпаздары анықталды

Екі айға созылған  «Сүйікті өлке объектив арқылы» атты облыстық фотобайқау  өз мәресіне жетті.

Аталмыш байқауды Жұбанов университеті мен «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі,  Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі  ұйымдастырды.

Фотобайқау оқушылардың, студенттердің, магистранттар мен оқытушылардың шығармашылық, танымдық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыруға, эстетикалық талғамын дамытуға бағытталған.  Байқау аясында Ақтөбе облысының әр өңірінен 35 өтінім келіп түсті.

Фотобайқауға «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, National Geographic Qazaqstan журналының фотографы Дмитрий Ругис төрелік етті.

Байқау қорытындысында бас жүлдені Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы КММ-нің фотографы Аслан Мусенов жеңіп алды.

Ал Қобда ауданы  Терісаққан орта мектебінің 11 сынып оқушысы Карина Шумейко  екінші орынды иеленсе, үшінші орынға  Жұбанов университетінің филология факультетінің 1 курс студенті Дильназ Шагирова лайық деп танылды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.