Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалымдар дәріс оқуда

Шетелдік ғалымдар дәріс оқуда

Жұбанов университетінде әр оқу жылы сайын  түрлі іс-шаралар, ғылыми конференциялар, форумдар өтіп тұрады. Және студенттер үшін шетелден арнайы келіп, дәріс оқитын ғалымдар да бар.

Мәселен, Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті, Ақпараттық технологиялар және робототехника инженерлік мектебінің автоматика және робототехника кафедрасының доценті Александр Филипас пен Климент Охридски атындағы София университетінің (Болгария) «Компьютерлік информатика» кафедрасының профессоры Владимир Димитров Жұбанов университетінің  физика-математика факультетінің білім алушыларына дәріс оқуда.

Бұл ретте шетелдік ғалымдар дәрістерін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Информатика» мамандықтарының магистранттарына онлайн  жүйеде жалғастыруда.

Сонымен қатар Жұбанов университеті мен Италияның Оңтүстік Лациодағы Кассино университеті арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында  «Физика» мамандығының студенттеріне Кассино университетінің ректоры, инженерия профессоры Джованни Бетта «Физика» мамандығының студенттеріне электротехника, ақпаратттық өлшеу техникасы бойынша дәріс оқуын бастады.

Джованни Бетта ресейлік және шетелдік басылымдарда жарияланған 280-нен астам ғылыми жұмыстардың авторы, EURAMET ғылыми кеңесінің мүшесі.

Енді шетелдік ғалымдар университет студенттеріне бір ай бойы дәріс оқиды.  Мұндай әріптестік академиялық ұтқырлықты дамытып, халықаралық  байланыстарды нығайта түспек.