Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті  Халықаралық санаттағы құтқарушыларды оқыту бойынша жобаны іске қосуға ниетті

Жұбанов университеті  Халықаралық санаттағы құтқарушыларды оқыту бойынша жобаны іске қосуға ниетті

 Жұбанов университетінде Қазақстандағы ең алғашқы «Өмір қауіпсіздігін сақтау және құтқару  Поляк-Қазақ өңірлік орталығы» ашылды.

Әлемде орын алған пандемияға байланысты жаңа жобаны іске қосу кейінге қалдырылған болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Ақтөбе өңірінің студенттері мен оқушыларына арналған алғашқы медициналық көмек көрсетуді оқытуды симуляциялаудың заманауи және қолжетімді орталығын жарақтандыру жүргізілуде.

Кабинетті арнайы жаттықтырушылармен жабдықтау «Свобода для Демократии» поляк-американдық халықаралық қоры Rita бағдарламасының «Аймақтағы өзгерістер» гранттық жобасын іске асырудың алғашқы бастамасы болып отыр.

Еске салсақ,  осы жылдың жаз айында  өтінім жобаларын ұсынған  80 қатысушының арасында  американдық-поляк сарапшылары 13 жобаны таңдап, қаржыландыруға шешім қабылдады.

Аталымыш жобалар ішінде Жұбанов университетінің польшалық «Еуропалық құтқару және құтқару орталығымен» (WSG  тобы, Польша, Быдгощ қаласындағы Экономика университеті) бірлескен жобасы жоғары балл жинап, рейтингтік кестеде алғашқы орынға шықты.

Быдгощ қаласы Экономика университеті Дене шынықтыру институтының директоры, профессор Александр Скалийдің айтуынша, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістерін енді Жұбанов университетінің оқытушылары, олардан кейін студенттер және қала оқушылары үйренетін болады. Бұл алғашқы медициналық көмекті уақтылы немесе дұрыс көрсетпеу салдарынан Қазақстан халқының өлімін болдырмау жөніндегі маңызды жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Жобаныңаясында  Жұбанов университетінде барлық білім алушылар үшін медициналық көмекке алғашқы көмек көрсетудің жаңа бағдарламасы енгізіледі. Сондай-ақ, оқыту бағдарламасы аяқталғаннан кейін студенттер сертификатқа ие болады.